"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Бесқайнар орта мектебі" КММ өзін-өзі бағалау есебі
«Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Бесқайнар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалауы
Бақылау түрі: Өзін-өзі бағалау
Өзін-өзі бағалау мектеп директорының 30.05.2025 жылдың № 103 бұйрығымен бекітілген құрамда өткізілді:
Өзін-өзі бағалау жүргізу комиссиясының құрамы:
1. Жексембинова Гулден Акановна – мектеп директоры;
2. Оналбекова Гульнар Канабековна - мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
3. Абдикаримова Назым Аскаровна - информатика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы:
4. Азыбаева Жулдыз Маратовна – бастауыш сынып мұғалімі, педагог- сарапшы;
5. Чуакбаева Галия Абдугалиевна – бастауыш сыныптың мұғалімі, педагог- сарапшы.
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:
Білім беру ұйымының толық атауы:. «Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Бесқайнар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жері): 041205 Қазақстан Республикасы Жетісу облысы Көксу ауданы , Еңбекші ауылдық округі, Бесқайнар ауылы ,Қиялов к. 2Б
Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон,электрондық поштасы, web-сайт): 8 (7283) 83-35-34 электрондық поштасы sshbeskaynar@mail.ru,web-сайт: beskainar.koksu.edu.kz
Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының аты- жөні, лауазымға тағайындау туралы бұйрығы): Жексембинова Гулден Акановна , Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы білім бөлімінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 97-ж/қ бұйрығымен тағайындалған, байланыс телефоны:
8 7082406467
Құқық белгілейтін құқық құжаттары: Заңды тұлғаға Жетісу облысының Әділет Департаменті 18.09.2024 жылы қайта тіркеу жүргізген (алғашқы тіркелген күні 26 тамыз 1997 жыл), БСН: 970840001720 Құрылтайшысы: Жетісу облысының әкімдігі. «Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Бесқайнар орта мектебі»» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы 2024 жылғы 18 қыркүйек.
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон). Мектеп 31.01.2025 жылғы Жетісу облысы білім саласындағы сапаны қамтасыз ету департаменті тарапынан берілген № KZ83LAA00036925 лицензия және «бастауыш, негізігі орта, жалпы орта білім беру »қызметінің кіші түрлеріне берілген лицензияға қосымша негізінде білім беру қызметімен айналысады
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама бар.
«Білім туралы» заңның жүзеге асырылуы
Білім туралы Заңның іске асырылуы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес мектеп бастауыш жалпы, негізгі жалпы және орта жалпы білімнің қолжетімді және тегін болуын қамтамасыз етеді. Мектеп күндізгі оқу түрімен қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын орындау мақсатында 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің мектепке баруын қамтамасыз ету бөлігінде жалпы білім беру айлығымен қамтамасыз етіледі.
Жалпы білім беру айлығында төмендегі іс-шаралар атқарылады:
- Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тіркеу;
- Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың тізімдерін нақтылау оқушыларды жинақтап сынып комплектлерін анықтау;
- Оқу жылының басында ең төменгі күнкөріс деңгейі орташадан төмен отбасы балалары, көп балалы отбасылар туралы мәліметтер базасы жасалады.
Ұсынылған құжаттарға сәйкес, аталған санаттағы оқушыларға кезең ішінде жалпыға бірдей білім беру қорынан материалдық көмек көрсетілген. «Мектепке жол» акциясы аясында көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына мектеп формасы, оқу құралдары түрінде демеушілік көмек көрсетілді.
Барлық оқушылар оқулықтармен мектеп кітапханасы қорынан 100% қамтамасыз етілген. Ұсынылған құжаттарға сәйкес, аталған санаттағы оқушыларға кезең ішінде жалпыға бірдей білім беру қорынан материалдық көмек көрсетілді.
Бағдарламаның орындалуы
2022-2025 оқу жылында мектепте оқу процесі жұмысы оқу жоспары бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бiлiм беру стандартын iске асыратын бiлiм беру бағыттары мен пәндерiнiң жиынтығы бiртұтас бiлiм беру кеңiстiгiн құруға мүмкiндiк берген шектi рұқсат етiлетiн жүктеме ескерiле отырып, қажеттi сағат санымен оқу жоспарының инвариантты бөлiгiнде ұсынылған.
Оқу процессінің сапасы
I. Ағымдағы оқу жылының жұмыс және қоңырау кестесі
Оқу жылының ұзақтығы : 1-11 сынып 1-қыркүйектен 25-ші мамырға дейін.
Барлығы : 12 сынып комплектісі +1мектепалды даярлық тобы
1-4 сыныптар - 4
5-9 сыныптар - 5
10-11 сыныптар 3
І ауысымда 10 сынып оқиды: 1,2,3,4,7,8,9, 10«А»,10 «Ә»,11
Сабақтың ұзақтығы: І ауысым 08.00-14.00
ІІ ауысымда 2 сынып оқиды: 5,6
Сабақтың ұзақтығы: ІІ ауысым 12.25-17.40
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау.
1) оқу жұмыс жоспарлары мен ұйымдастырылған қызметтің Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының (бұдан әрі – ҮОЖ) талаптарына сәйкестігі;
Шағын орталықта штаттық кесте бойынша жалпы кадр саны - 2, оның ішінде педагог қызметкерлер саны – 2.
Кобегенова Макпал Айдыновна, білімі жоғары, "І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университтеті" 2011-201 ж. "Кәсіптік оқыту" мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек өтілі 4 ж. Санаты жоқ. Курстан 2021, 2022 жж 2 рет өткен. 2023 жылы «Алматы қаласының инновациялық колледжінің» 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша аяқтады.
Султанова Бакытгуль Несипхановна, білімі жоғары. 2024 жылы Ж.Ташенов атындағы университетінің бастауыш сынып педагогикасы мен әдістемесі мамандығын аяқтады. Сонымен қатар, 2023 жылы «Маман» оқу-өндірістік орталығының мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі бойынша қайта даярлау курсынан өтті.
Шағын орталық тобында 25 тәрбиеленуші. Жас тобы 3-5 жас. Шағын орталықта жұмыс оқу жоспары мен ұйымдастырылған іс-әрекет кестесі ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 03 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 09 қыркүйектегі №394 бұйрығымен (2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары талаптарына сәйкес.
2024-2025 оқу жылына арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» негізінде ұйымдастырылған қызметтің перспективалық жоспары әзірленген, апта сайын тәрбие-білім беру процесінің циклограммасы құрылып, бекітілген. Перспективлық жоспарлар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнындағы күтілетін нәтижеге сәйкес тәрбиеленушілердің біліктері мен дағдыларын дамыту мақсатында физикалық қасиеттерді, коммуникативтік, танымдық және зияткерлік, шығармашылық, зерттеу іс-әрекетін дамыту мен әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Осыған орай білім беру қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына және білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Баланың жеке даму мониторингін және оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің оқу нәтижелері бар. Шағын орталық тобының 25 баланың жеке даму карталары бар. Жеке даму карталары бастапқы, аралық, қорытынды диагностиканың нәтижелері бойынша бақылау парақтарының мәліметтері негізінде толтырылған.
2024-2025 оқу жылына шағын орталық тәрбиеленушілерінің қорытынды мониторинг нәтижелері: бастапқы мониторингке 25 бала қамтылған.
І деңгей 12 бала - 48%, ІІ деңгей 5 бала - 20%, ІІІ деңгей 8 бала - 32%
Білім беру ұйымында 1 мектепалды сыныбы бар. Қазақ тілінде оқытылады.
2024-2025 оқу жылында мектепалды сыныбында, барлығы 14 бала тізімделген.
Мектепалды сыныбында /5 жастан бастап/ ұйымдастырылған іс-әрекетінің жалпы сағат саны «Дене шынықтыру» бойынша 3 сағат, «Сөйлеуді дамыту» - 2 сағат, «Көркем әдебиет» - 2 сағат, «Қазақ тілі» - 2 сағат, «Сауат ашу негіздері» - 3 сағат, «Математика негіздері» - 3 сағат, «Қоршаған ортамен таныстыру» - 2 сағат, «Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру» жалпы көлемі - 1 сағат, «Музыка» - 2 сағат, барлығы - 20сағат. Аптадағы өткізу жиілігі күн сайын ұйымдастырылған іс-әрекет түрлері мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне, мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауыз екі байланыстырып сөйлеуін дамыту, қазақ халқының мәдениетімен, салттарымен, дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормалары, мәдениетті қарым қатынасты игертуге, күні бойы ән айтуға, музыка тыңдауға, әндерді жаттауға, музыка мен ырғақты қозғалыстарға, шулы балалар аспаптарында ойнауға және музыкалық іс-әрекеттердің басқа түрлеріне уақыт бөлінген. Циклограмманың құрылымы күн тәртібіне сәйкес, әр аптаға құрылды.
2) білім беру қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына және білім беру бағдарламаларына (вариативті, жеке, бейімделген, қосымша) сәйкес іске асыру;
2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығы 3 қосымшасы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 қыркүйекте № 29509 болып тіркелді) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары)
3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының сақталуы.
2024-2025 оқу жылында МАД мұғалім саны – 1. Толеуова Ажар 2014 жылы «Жаркент гуманитарлық-техникалық клледжін» «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша орта-арнаулы білімі бар. Сонымен қатар, «АҒЖАН» ғылыми-білім беру орталығының «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» бойынша кәсіби курсынан 2018 жылы өтті. 2018 жылы Республикалық ТжКБ беруді дамытудыц және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығында «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандагы бойынша қайта даярлау курсынан өткен. Педагогикалык қайта даярлауды растайтын құжаты бар (сертификат номері 0859766).
4) Баланың жеке даму мониторингін және оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің оқу нәтижелерінің болуы:
Талдауға 2024-2025 оқу жылдарына арналған балалардың жеке даму картасы ұсынылады. Даму картасында балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру нәтижесінің даму деңгейлеріне бақылау жүргізілген, балалардың жеке даму картасы толтырылған.
2024-2025 оқу жылында мектепалды сыныбында (5-6жастағы балалар)- 14 бала бар. Баланың дамуының жекедаму карталары толық. Картада құзыреттіліктер мен дамыту дағдылары, түзету іс-шаралары (бастапқы, аралық бақылаудан кейін) дамытушы, түзетуші шаралары шығарылып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкес баланың даму деңгейі және дағдыларды меңгеру деңгейлері толтырылған, (қортынды бақылау нәтижелері мамыр айында жүзеге асырылды.
5) Тәрбиеленушілердің дамуын бақылау (бастапқы) нәтижелерінің болуы және талдауы:
Мектепалды сыныбы бойынша:
2024-2025 оқу жылына мектепалды сыныбы бастапқы мониторинг нәтижелері: бастапқы мониторингке 16 бала қамтылған.
І деңгей 10 бала – 71,4%, ІІ деңгей 3 бала – 21,4%, ІІІ деңгей 1 бала – 7,2%
7) МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы.
Оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі МДТО ҮОЖ белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілді. Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар Үлгілік оқу жоспарларында белгіленеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары» ҚР БҒМ 2020 жылғы 1 мамырдағы №195 бұйрығы басшыыққа алынды.
Оқу қызметінің аптадағы жалпы көлемі келесі: орта білім беру ұйымындағы мектепалды сыныбы –ұзақтығы 25-30 минуттан-20 сағат.
2024-2025 оқу жылында ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №394 бұйрығымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары», ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығына 3-қосымша, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығына 3-қосымшаcы басшылыққа алынды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативтік оқу жоспарларын әзірлеу кезінде тәрбиеленушілердің жас, психологиялық-физиологиялық мүмкіндіктері мен ерекшеліктері ескеріле отырып, оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сақталады.
Мектепалды топтың ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің ұзақтығы 25-30 минутты құрайды. 20 сағат
8) балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау;
2024-2025 оқу жылдарының мектепалды сыныбының тізімдері жас ерекшеліктеріне сәйкес жасақталып, мөрімен расталған.
2024-2025 оқу жылында мектепалды сыныбында барлығы 14 бала, оның ішінде 2018 ж - 2 бала, 2019 ж -12 бала
2-параграф. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары.
1) Білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкестігі.
2024-2025 оқу жылында жалпы білім беру ұйымында сыныптар саны – 12 сынып мемлекеттік тілде білім алады. Оның ішінде 1-4-сыныптар – 4 сынып, оқушы саны – 44, 5-9-сыныптар – 5, оқушы саны -58; 10-11 сынып-3, оқушы саны-29. Жалпы – 131 оқушы.
2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымы "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы (өзгерістерімен енгізілген)
-Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 18 тамыздағы №264 бұйрығымен (1 –қосымшасына) бекітілген «Бастауыш білім берудің жалпы білім берудің» үлгілік оқу жоспары 1-4 сыныптар;
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығының (6 –қосымшасына) үлгілік оқу жоспары 5-9 сыныптар;
2024-2025 оқу жылдарының сабақ кестесінде «Білім беру объектілеріне қойылатын талаптар» Санитариялық қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес пәндерді қиындығына қарай саралау кестесін пайдаланған (ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы).
2024-2025 оқу жылдарына арналған сабақ кестесі білім беру ұйымының басшысымен бекітілген. Сабақ кестесінде пән атаулары стандартқа сәйкес жазылған. Вариатив компоненті есебінен берілген сағаттар қосымша сабақ кестесіне қойылған.
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру;
2024-2025 оқу жылында:
1-4-сыныптар жаңартылған білім беру жүйесі бойынша білім алды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) оқу бағдарламаларымен оқытылуда. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген № 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына (4-қосымша) өзгерістер енгізілген). 1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері аптасына 1 сағаттан оқытылады; - 2-сыныпта «Орыс тілі» пәнін оқыту енгізіледі; - «Шетел тілі» пәні 3-сыныптан бастап оқытылатуда.
5-9 –сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары(2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бағдарламамен оқытылады. Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндері 5-9 сыныптарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы негізінде оқытылды.
3) Білім алушылардың субьективті және жаңа білімді меңгеруі мен таным мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру.
1 қыркүйек «Мектебім – мейірім мекені!» атты салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынға 1-11 сынып оқушылары, аудан әкімшілігінің өкілі Әлия Абуқызы, ардагер ұстаздар, ата-аналар және мұғалімдер. Мектеп салтанатты жиынға сай ту, баннер, флажоктармен, шарлармен әсемделді. Оқушылар міндеттелген 100% мектеп формасына сәйкес киінді. Салтанатты жиын ашылу сәтінде мектеп алғашқы әскери дайындық мұғалімі қатысушылардың назарын ҚР мемлекеттік туына нұсқап, ҚР мемлекеттік гимні орындалды. Салтанатты жиында Мектеп директоры Г.Жексембиноваға, ауданнан келген қонағымызға және ардагер ұстазға, сонымен қатар 1 сынып оқушыларының ата-ана комитетіне сөз кезектері берілді. 1 сынып оқушылары мектеп, білімге байланысты тақпақтарын айтты. 1 сынып оқушысы Талғат Рамазан «Мектеп» әнін орындады. 11 сынып оқушылары 1 сынып сынып оқушыларын құттықтап кішігірім сыйлықтарын таратты. Салтанатты жиын 11 сынып оқушысы Қарғабай Мерей және 1 оқушысы Халмұхамбет Көркем қоңырау соғу рәсімін жүргізді. «Мектебім – мейірім мекені!» атты салнатты ждиын аяқталып, оқушылар мен ата-аналар сынып бөлмелерімен танысуға мектепке кірді. 1 сынып оқушылары Көксу ауданының полиция бөлімі тарапынан берілген түсқағаздарды бояды.
Әр апта сайын дүйсенбі күні «Менің Қазақстаным» гимн орындалады. Ұлттық ойындар тоғызқұмалақ, шашки, шахмат, бестас, асық бұрыштары жасалынды сол бұрыштарда қоңырау уақытында оқушылар ойнайды. Күй күмбірі жұма сайын қосылады. Үнемді тұтыну оқушыларға айтылып отырады.
"Жаңа жетістіктерге жетуге дайынмын!", «Мен үшін қымбат - мектебім!», «Менің алғашқы қадамым», «Мектебім бақыт мекенім» 1, 7 және 2 сынып оқушылары видео челлендж түсірілді.
«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға «Білім күнінің» маңыздылығын және мектептің тәрбиелік орта ретіндегі рөлін түсіндіру.
09.09.2024 жылы 1-11 сынып аралығында «Тілім менің ғасырларға аманат» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Қазақстан халқының тілдері мерекесіне 1-11 сынып аралығында гуманитарлық пән бірлестіктері А.Байтұрсыновтың туған күніне орай 10 күндік іс-шаралар ұйымдастырды. Тілдер 10 күндігі барысында тілдің адамзаттың қарым-қатынасы үшін маңыздылығы ұлықталып, түрлі іс-шаралар өткізілді. 10 күндік барысында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндер мұғалімдері бірлесіп «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» атты тілдер апталығының ашылуы (5 – 11 сыныптар), «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайыс (7 сынып), «Таза, терең, таза, өткір, күшті кең тілім» атты мәнерлеп оқу сайысы (5 – 6 сыныптар), «WHO IS THE BEST» сайыс сабақ (8 - 9 сыныптар), «Любой язык по своему велик...» викторина (5 – 6 сыныптар), «Лидер ХХІ века» интеллектуальная игра (9 - 11 сыныптар), және апталықтың жабылуы өткізілді.
«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі», «Ананың аялы алақаны» челледждері ұйымдастырылды. Отбасы күніне орай «Отбасылық дәртүрлер» тақырыбында сынып сағаты өтті.
18.09.2024 ж. 8-11 сыныптардың және сынып жетекшілер мен қонақтардың қатысуымен "Бала тәрбиесі - басты құндылық" атты бірыңғай тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды патриоттыққа, ұлттық тәрбие, құқықтық сауаттылыққа, тәртіпке, ұлттық тәрбие, тұлға болып қалыптасуға құндылықтарды білім, тәрбие, білік және дағды түрінде оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру.
Мектеп қонағы ретінде ардагер ұстаз Барибаева Бибигуль Шаймерденовна шақырылды.
АПҚО аясында: «Ата-ананың мектептегі бір күні» жалпы мектепшілік жиналыс өтті. 05.09.2024 жылы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа ауыл молдасы шақырылды. Жиналыстың басты мәселесінің бірі мектеп формасына қатысты болды. Ата-аналарға мектеп формасы үлгісін сақтау керектігі жайлы түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
"Мәңгілік ел алыптары: Рахымжан Қошқарбаев" тақырыбында 11-сынып оқушыларына Ерлік сабағы өткізілді.
Медбике Жексембинова Қ.А. АПВ қарсы вакцина туралы, жатыр мойыны обыры және папиллома вирусы жайлы түсініктеме жұмыстарын жүргізіп өтті.
Әр дүйсенбі сайын мектеп линейкасы өтеді. Линейкада оқушылар марапатталады, кезекшілік есептер жүргізіліп отырады.
17.09.2024ж АПВ-қа қарсы вакцина туралы мұғалімдермен ата-аналар арасында жатыр мойыны обыры және адам папиллома вирусы туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары өтті. Шара соңында дәрігерлер ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, брошюралар таратты.
Мектеп оқушыларына гигиенаны сақтау және жеке бас гигиенасы туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылады. Мектепте смарт кітап бұрышы жасалынды. Оқушылар үлкен қоңырауда кітап оқиды.
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды патриоттыққа, ұлттық тәрбие, құқықтық сауаттылыққа, тәртіпке, ұлттық тәрбие, тұлға болып қалыптасуға құндылықтарды білім, тәрбие, білік және дағды түрінде оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру.
Мектеп қонағы ретінде ардагер ұстаз Барибаева Бибигуль Шаймерденовна шақырылды.
Патриоттыққа, ұлттық тәрбие, құқықтық сауаттылыққа, тәртіпке, тұлға болып қалыптасуға құндылықтарды білім, тәрбие, білік және дағды түрінде оқу тәрбие процесінде ұйымдастыру мақсатында 18.09.2024ж. 1-11 сыныптарда «Бала тәрбиесі - басты құндылық» атты бірыңғай тәрбие сағаты өтті.
«Халық қаһарманы - Рахымжан Қошқарбаев» сынып сағаттары өткізілді.
«Менің жетістігім, менің нәтижем»
Асхана бойынша іс-шаралар өткізілді.
Жақында балалар мен жасөспірімдерді басқара алатын және оларды психикалық және физикалық қауіп-қатерге душар ететін қауіпті онлайн ойындар мен топтардың саны артуына байланысты «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» атты жалпы ата-аналар жиналыс өтті.
Қыркүйектің 4 күні «Отбасы - бақыт мекені» тақырыбында бейнеролик байқауы өтті. Байқауға 1-11 сынып оқушылары қатысты:
7 сыныптан - Қуанышқызы Сұлушаш, Аханов Нурасыл қатысты.
6 сыныптан – Жәлелұлы Біржан, Нұрбосын Айсұлу қатысты.
5 сыныптан – Тұрсынахметова Дария қатысты.
4 сыныптан – Әділхан Ақбота қатысты.
1 сыныптан – Құнанбай Қанағат қатысты.
Байқау Instagram желісі арқылы жүргізілді. Желіге пост жарияланып, постқа дауыс беру арқылы жеңімпаз анықталды. Дауыс беру нәтижесі бойынша Қуанышқызы Сұлушаш 69 дауыс, Аханов Нурасыл 64 дауыс, Жәлелұлы Біржан 21 дауыс, Нұрбосын Айсұлу 54 дауыс, Тұрсынахметова Дария 56 дауыс, Әділхан Ақбота 12 дауыс, Құнанбай Қанағат 15 дауыс жинады. 69 дауыспен Қуанышқызы Сұлушаш жеңіске жетті.
Жеңімпазды марапаттау 2024 жылдың 9 кыркүйегінде өткен саптық жиында, I орын, II орын, III орынды иеленген оқушылар марапатталды.
Қарттар күніне орай: «Қоғамға қызмет ету» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Ауылымыздың қариясы Хаза апамыздың үйіне барып оқушылар бақша шөптерін жұлып, тазалап беріп көмектесіп қайтты. Атап айтсақ, көктем мезгілінде егін егуге дайындық жұмыстарын жүргізді.
Ауылымыздың қарттарын мектепке шақырып «Қарттарын қадірлеген ел – ардақты» атты мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды. Концерке МАД тобының бүлдіршіндерінен бастап 11 сынып оқушыларына дейінгі сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ музыкалық мектеп музыканттары әндері мен күйлерін паш етті Ата-әжелеріміз оқушылардың ата мен әже туралы тақпақтарын тыңдап, мың бұралған билерін көріп, әншілердің әнін тыңдап қайтты.
«Отбасым бақыт мекенім» видео байқауы ұйымдастырылды.
9-11 сынып оқушылары «Рахмет саған...» әдемі отбасылық суретпен пост жазды.
3-сыныптың сынып жетекшісі Азыбаева Жұлдыз Маратовна сынып оқушыларымен «Ананың аялы алақаны» тақырыбында суреттер салды.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша суреттер арқылы оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
.«Республикам – мақтанышым» тақырыбына сәйкес Республика күніне орай жоспар жасалынып, бекітілді. «Мемлекеттік гимнді бірыңғай орындау» үлкен үзіліс уақытында ҚР мемлекеттік гимн 24 қазан күні орыдалды.
«Көрікті Қазақстаным» шығармашылық челлендж 1-2 сынып жетекшілері Г.Оспанова, А.Солтубекова24 қазан күні ұйымдастырды.
24 қазан «Менің арманымдағы Қазақстан» Ж.М.Азыбаева Ғ.Чуакбаева 3-4 сынып оқушылары сурет байқауы ұйымдастырылды.
«Мәңгілік жаса – қыран елім Қазақстаным!» 1-11 сынып сынып сағаты өткізілді.
24 қазан-1 қараша күндері мектеп кітапханашысы «Отаным бақыт –ордасы!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
24 қазан күні «Республикам – мақтанышым!» 8-10 сынып аралығында эстафеталық жарыс педагог-ұйымдастырушы, дене шынықтыру пәні мұғалімі У.Тазабеков ұйымдастырды.
«Қазақтың Ұлттық спорттық ойындары» оқушылар ұлттық ойындар ойнатылды.
«Әлеуметтік желілер. Зияны мен пайдасы» дебат Ұшқыр ой алаңы педагог-ұйымдастырушы Г.Ж.Нұрғожанова оқушылармен пікірталас ұйымдастырды.
"Даналық ұстаздан" атты республикалық челленджі 03.10.2024ж сағат 12.00де ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты - өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру.
Біртұтас тәрбие жоспарына сай 07.10.2024 күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Сулейменова интернет желісіндегі қауіпті ойындар мен аккаунттар туралы «Ойынға салауатты көзқарас», «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыптарында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
22 қараша «Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, жыныстық тиіспеушілік, нашақорлықтың алдын алу шаралары» тақырыбында 5-11 сынып қыздар, ұлдар ұйымы арасында жиналыс өткізілді.
Мақсаты: Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, жыныстық тиіспеушілік, нашақорлықтың алдын алу.
Жиналысқа ДТІЖО Г.Сулейменова, мектеп психологы Ә.Нұрғазықызы, участкелік полиция инспекторы Б.Жакыпбай қатысты.
Участкелік полиция инспекторы Б.Жакыпбай оқушыларға нашақорлықтың зияны, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар қылмыстық заңдармен, кодекстерді түсіндіріп өтті.
Біртұтас тәрбие жоспарына сай Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында: «Күзгі асар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оқушылар үйлерінен әртүрлі тоқаштар, бәліштер пісіріп, орта бағамен сатты.
Мақсаты: Күзгі өнімдер түрлерін таныстыра отырып, одан не жасалатынын айтып түсіндіру; Балалардың қызығушылығын арттыру; Тіл байлығын, ой өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру; Балаларды табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу;
Жәрмеңке 1-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды.
25 қазан – Республика күніне орай челлендж ұйымдастырылды. Сәкен Сейфуллин – 130 жылдығына орай орй әдеби кеш Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығы қызметінің жоспарына сәйкес "Үйден тыс тамақтану", "Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион", "Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру" тақыптарында ата-аналарға арналған курстық бағдарлама өткізілді. «Мәңгілік жаса – қыран елім Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.
2024 жылдың 20 желтоқсанда мектепшілік “Жас Сарбаз” әскери-патриоттық әндер фестифаліне мектебіміздің оқушылары 1-11 сынып қатысты.
1, 2, 3 орын сыныптарды мадақтамаларымен марапатталды.
1-орын: 1 сынып оқушылары
2-орын: 10 «А» сынып
3-орын: 4 сынып оқушылары иеленді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу; оқушылардың рухани-патриоттық сезімін ояту;
2024 жылдың 20 қараша күні Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Қ.Тойбазаров және жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Мұқанов Ғабит Оразғалиұлы 7-11 сынып оқушыларымен сауалнама жүргізіп, жол қауіпсіздігі оның ішінде мото, мапед сияқты көлік құралдарымен болатын жол көлік оқиғаларын, нашақорлыққа қарсы күрес, алаяқтық, интернет алаяқтығы, буллинг, бопсалаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Құқықбұзушылықтың, түрлі келеңсіз оқиғалардың алдын-алу мақсатында "Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін және цифрлық сауаттылығын қамтамасыз ету", "Буллинг және кибербулинг", "Нашақорлық пен зорлық-зомбылықтың алдын-алу" тақырыптары қарастырылды.
21 қараша күні мектебімізде 5-11 сынып оқушыларымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар құқығының қорғалуы бойынша, педагогикалық- психологиялық қолдау көрсету» атты тақырыбында шебер сынып өткізілді. Мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар құқығын қорғау.
24-25 желтоқсан аралықтарында жоспарға сәйкес жаңа жыл ертеңгіліктері өткізілді. Қауіпсіздік шаралары жүргізіліп, өртсөндіргіш құралдары қойылды. Шырша спорт залына қойылып, мерекеге байланысты безендірілді. Спорт зал және дәлізді шыршалармен, мишура, гирляндалармен, жаңа жылдық дождиктармен, плакаттар, терезелерді әсемдеумен безендірілді. Жаңа жыл өткізілуіне байланысты кесте құрылды, кезекші мұғалімджер белгіленіп, кезекшіліктерін атқарды. Жаңа жыл кешінде тыйым салынатын отшашу қолданылмады.
Шағын орталық, Мектеп алды даярлық, 1-3 сынып, 4-6 сынып, 7-8 сынып аралықтарында жаңа жыл ертеңгіліктерінде мұғалімдер «Кунг Фу Панда» мультфильмдегі кейіпкерлердің киімін киіп, сонымен қатар Аяз ата мен Ақшақар, жылан мен ұлу болды. Оқушылар түрлі киімдер киіп, би билеп, тақпақтарын айтты. 9-11 сынып аралықта бал-маскарад стильінде өткізілді. Вальс билеп, тақпақ айтты, түрлі ойындар, лотерея ойнатылды. 20 минуттық дискотека болды. Оқушылар үйлеріне қайтарылды. Көксу ауданының білім бөлімінің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2024 жылдың желтоқсан айының 25 күні түнгі РЕЙД жұмыстары жоспарланып, уақытында жүргізілді.
Мақсаты: келеңсіз оқиғалар мен құқық бұзушылықтың алдын-алу.
Түнгі сағат 22.00-00.00 аралығында әкімшілік пен мұғалімдер бірлескен рейд жұмыстары кесте бойынша ұйымдастырылды. Түнгі рейд кезінде ауыл ішіндегі дүкендерде, көшелерде, мектеп ауласында, стадионда рейд жүргізілді. Рейдке шығу кезінде мектеп оқушылары тарапынан түнгі уақытта беймезгіл көшеде жүру, келеңсіз оқиғалар мен құқықбұзушылық орын алған жоқ. Оқушыларға үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.
7 сынып жетекшісі К.Исагулова «С.Сейфуллин жырдың сарқылмас дариясы» әдеби кеші өткізілді.
Мақсаты: С.Сейфуллиннің өміріне шолу жасау, ақын шығармашылығының өміршендігін таныта отырып, оқушылардың еліне, тіліне, жеріне деген іңкәр сезімдерін ояту.
Алдын алу шаралары: Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында қабырға газеті салынды.
Мақсаты: Оқушылар бойына салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дені сау шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «Өмірге салауатты қадам» қабырға газетіне 5-11 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.
2024 жылдың 20 желтоқсанда мектепшілік “Жас Сарбаз” әскери-патриоттық әндер фестифаліне мектебіміздің оқушылары 1-11 сынып қатысты.
1, 2, 3 орын сыныптарды мадақтамаларымен марапатталды.
1-орын: 1 сынып оқушылары
2-орын: 10 «А» сынып
3-орын: 4 сынып оқушылары иеленді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыс жоспарына сәйкес Қаңтар айы – «Заң және тәртіп» айында «Құқық апталығын ұйымдастыру апталық жұмыс жоспры жасалынып, бекітілді.
«Құқық апталығының» ашылуы дүйсенбі күні өтетін саптық жиында өткізілді.
1-1 сынып аралығында «Заң және Тәртіп» құндылығы бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттың мақсаты:
1. Құқықтық тәртіп ұғымдарын түсіндіру:
2. Жауапкершіліктің, әділдіктің, адалдықтың, қоғамдағы құрметтің маңыздылығын талқылау.
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында: «Қоғамдағы заң және тәртіп» тақырыбындазияткерлік ойын ойнатылды.
«Құқық әліппесі» викториналық сайыс өткізілді.
«Менің құқығым» қабырға газеті оқушылар сурет салды.
Бала құқығы – адам құқығы» дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Құқық апталығының жабылуы
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыс жоспарына сәйкес Қаңтар айы – «Заң және тәртіп» айында «Мектеп өміріндегі әкенің бір күні» (ашық есік күні) ұйымдастырылды.
Әкелерді психологиялық ахуал арқылы кіргізіп, «Сәлемдесу жаттығу ұйымдастырылды. «Әке, мен сенің б1 сағат уақтыңды сатып алайыншы!» атты бейнеролик көрсетілді. Сұрақтар қойылды. Бейнеролик талқыланды. «Байлаулы бала» әдісі арқылы әкелерге сұрақтар қойып тренинг жасалынды.
«Балаңыз туралы не білесіз?» әдісі арқылы допты лақтырып, сұрақтар қойды. «Жанұя бақыты» арқылы кері байланыс берілді.
Мектеп оқушыларының өзін - өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін - өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру мақсатында 19.10.2024ж. мектеп президентін сайлау өткізілді.
Мектеп президентіне үміткер 5 оқушы болды. 8 сынып оқушысы Беделхан Дарын, 8 сынып оқушысы Ақбай Даяна, 8 сынып оқушысы Мұхтар Нұрай, 7 сынып оқушысы Қуанышқызы Сұлушаш, 7 сынып оқушысы Бақтыбекқызы Томирис ұсынылған болатын. Сайлау мектебіміздің инстаграм парақшасында дауыс беру арқылы өтті.
Сайлау нәтижесі бойынша 1089 көрерменнен, 460 адам дауыс берді. Нәтижесінде:
8 сынып оқушысы: Беделхан Дарын 83 дауыс жинады.
8 сынып оқушысы: Ақбай Даяна 25 дауыс жинады.
8 сынып оқушысы: Мұхтар Нұрай 54 дауыс жинады.
7 сынып оқушысы: Қуанышқызы Сұлушаш 43 дауыс жинады.
7 сынып оқушысы: Бақтыбекқызы Томирис 255 дауыс жинады.
Сайлау қорытындысы бойыншы мектеп президенті Бақтыбекқызы Томирис атанды.
«Қазақ классигі, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл» әдеби кеш.
Мақсаты: шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
2024 жылдың 27 қыркүйегінде ұстаздар күніне арналған «Ұстаз! Сіздің алдыңызда...!» мерекелік концерті өткізілді. Концертке мектеп ұстаздары және ауылдың ардагер ұстаздары шақырылды. Ардагер ұстаздардан Отызбаева Қанипа Оразбаевна, Барибаева Бибігуль Шаймерденовна, Сауле Берліхановна қатысты.
Концерттік бағдарламаны «Күншуақ» шағын орталығының балалары тақпақтарымен ашты. Кейін МАД тобының оқушылары өздерінің әндері мен ұстаз тақырыбындағы тақпақтармен жалғастырды. Концерттік бағдарлама барысында 1-сынып оқушысы Рамазанның орындалуында ән, 7-сынып оқушысы Сұлушаштың орындауында үнді биі мен Лебедь биі, 4-сынып қыздарының орындауында заманауи би, 6-сынып қыздарының орындауында «Қара жорға» биі 8-сынып оқушысы Даянаның орындауында «Қамажай» биі, 7-сынып оқушысы Бақтыбекқызы Томиристің орындауында ән айтылды. Оқушылар өз шығармашылықтары арқылы мұғалімдерге деген құрметін көрсете білді.
Соңында, оқушылар ұстаздарға роза гүлін сыйлады. Концертке тәнті болған ұстаздар алғысын айтып, батасын берді.
10-11 сынып оқушыларына арналған іс-шара өтті. "Мамандықтар марафоны" ойыны өткізілді. Жалпы – 28 оқушы.
Мақсаты-оқушыларды мамандықты дұрыс таңдауға дайындау, танымдық қызығушылықты жандандыру.Қатыса отырып, балалар өздерінің білімдерін,логикалық ойлауын,есте сақтау қабілетін және зейінін көрсетті.Іс-шара қызықты болды және болашақ мамандықты таңдауға оң ықпалын тигізді.
2025 жылдың ақпан айының 5 күні «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін және цифрлық сауаттылығын қамтамасыз ету. Кибербуллинг туралы ескерту жұмыстары» тақырыбындағы шебер сынып өтті. Оқушыларға жан жақты ақпараттар беріліп, таныс емес номерден келген қоңыраулар мен хаттарға жауап бермеу керектігі ескертілді. Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу шебер сыныптың басты мақсаты болды. Оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату.
Шебер сынып барысында оқушыларға бейнероликтер мен слайдтар көрсетіліп, сұрақтар берілді. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, алаяқтарға кезіккен жағдайда, кибербуллингке тап болған жағдайда қандай әрекет жасайтындарымен бөлісті.
Шебер сынып барысында оқушылар 3 топқа бөлінді. Бірінші топ - қойлым көрсету, екінші топ - өлең жазу, үшінші топ - интервью алу арқылы түрлі ситуациялардың болуы мүмкін екендігін және ол ситуацияларда қандай әрекет ету керектігін көрсетті.
2025 жылы қаңтардың 10 күні жоспар бойынша 7-8 сыныптар арасында «Қоғамдағы заң және тәртіп» зияткерлік ойын өтті. Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін,сөйлеу қабілетін дамыту, қойылған сұрақтарға өз бетінше шешім іздеуге, өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
«Кеңес әсерінен Ауған жерінен шығарылған күні аясында: Ашық есік күні аясында: Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Ауған соғысына қатысқан қонақтар келді. Ауған соғысы ардагерлері Несіпбаев Нұрәділ, Сарсенбинов Бейбіт, Ташкенбаев Талғат, Даулетов Мейрамбай ағаларымыз келді. Ардагерлерді еске алынып, 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Оқушылар ардагерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Оқушылар концертке 2,3,4- сынып оқушылары патриоттық тақпақтар айтты. 7 сынып оқушысы Қуанышқызы Сұлушаш ұйғыр биін биледі. 5, 6 сынып оқушылары патриоттық хор айтты. Мектебіміздің музыка пәні мұғалімі домбырамен патриоттық ән айтты. Ардагерлер сөз алып, алғыстарын білдірді. Ауылдың мәдениет саласынан әншілер келіп әндер айтты. Концерт соңында қонаққа келген ардагерлер мектепке кітап сыйға тартты. Алғыс хаттарын берді.
1 наурыз — Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні. Жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының шақыруы бойынша 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.
03.03.2025 жылы 3 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні бойынша барлық қызметкерлер мен оқушылар және балалардың қатысуымен эвакуация бойынша жаттығу жұмыстары өтті.
Оқушыларды және мектептің тұрақты құрамын эвакуациялау іс-әркеті төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға үйрету, эвакуация жүргізу кезінде оқушылардың және мектептің тұрақты құрамының ұйымдастырылуын тексеру мақсатында жүргізіледі. Бұл жұмыс білімді жүйелі бақылау, сондай-ақ апаттық жағдайларға қарсы жаттығулар түрінде жүргізіледі.
Аталмыш дабыл мектебімізде сағат 11:00-да 4-ші сабақ кезінде жүргізілді. Оқушылар мен қызметкерлер эвакуация жоспарына сәйкес оқу ғимаратынан кетті. Барлық оқушыларды жинау негізгі кіру алаңында ұйымдастырылды. Іс-шара талаптарға сай өтті. Мұғалімдер АӘД мұғаліме оқушылардың сандық құрамы туралы рапорт тапсырды. АӘД мұғалімі мұғалімдер мен оқушыларға сақтану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қорытынды линейкадан кейін сабақ қайта басталды. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.
2025 жылдың 18 наурыз күні Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны А.Тасболатова және жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Мұқанов Ғабит Оразғалиұлы 7-11 сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі оның ішінде мото, мапед сияқты көлік құралдарымен болатын жол көлік оқиғаларын, нашақорлыққа қарсы күрес, алаяқтық, интернет алаяқтығы, буллинг, бопсалаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Құқықбұзушылықтың, түрлі келеңсіз оқиғалардың алдын-алу мақсатында "Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін және цифрлық сауаттылығын қамтамасыз ету", "Буллинг және кибербулинг", "Нашақорлық пен зорлық-зомбылықтың алдын-алу" тақырыптары қарастырылды.
«Жер сағаты» экологиялық акциясы өткізілді. Акция бойынша 7-10 сынып оқушылары мектептің ауласындағы қоқыстарды тазалады.
«Наурыз мейрамы» атты наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 16 наурыз наурызнама бойынша мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.
16 наурыз күні Наурызнама онкүндігінің аясында 1-11 сынып оқушылар арасында дәстүрлерге көрініс қойды. Тұсаукесер, байғазы, сырға салу, жиенқұйрық, бәсіре, енші беру, асар, табалдырық аттау, қыз айттыру салт-дәстүрлерін көрсетті. Бұл күн мәдениет пен салт-дәстүр ұлт жанының бір бөлшегі екенін еске салады. Бұл күн ежелгі әдет-ғұрыптарды құрметтеуге, олардың терең мағынасын түсінуге және оны заман талабына сай жаңғыртуға үндейді. Осылайша, салт-дәстүрлер өзінің мәні мен даналығын жоғалтпай, түрленіп, қайта тіріледі. Бұл күн – адамның өз өткеніне құрметпен қарау арқылы кемел болашаққа қадам басуға болатыны туралы ойланатын кез. Бұл күн – әрқайсымызға мәдениеттің ең алдымен ішкі көңіл ауаны екенін, өмірдегі сұлулықты көре білу, өз өткенін қастерлеу, сол арқылы жарқын болашаққа ұмтылу екенін ұғындыратын күн. Бұл – әркім ата-баба даналығын түйсініп, дәстүрлі құндылықтармен қауышып, рухани кемелденуге бағыт алатын кезең.
«Наурыз мейрамы» атты наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 18 наурыз наурызнама бойынша Ұлттық мәдениет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің қолдарымен жасаған көрмелер қойылды.
«Ұлттық медениет» көрмесі білім алушылардың ұлттық атрибуттарды (ағаштан, металдан, матадан, киізден және басқа материалдардан жасалған бұйымдар) пайдалана отырып орындалған шығармашылық жұмыстарын ұсынады.
Мұғалімдерге, білім алушылар және ата-аналар мектепке ұлттық киіммен келуге немесе ұлттық мәдениетті дәріптеу үшін ұлттық атрибуттарды қолдануға болады.
«Наурыз мейрамы» атты наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгін, 19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойланды. Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні "өмірдің жаңаруын" бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасы мектепте мұғалімдер, кіші қызметкерлер және оқушылар 10 шырша, 10 жеміс ағашын, 20 терек ағашын отырғызды.
«Наурыз мейрамы» атты наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 20 наурыз наурызнама бойынша ұлттық спорт күні ұйымдастырылды. Мектеп алды даярлық тобы мен ата-аналар ұлттық ойындар ойнап жарысты. Асық ату, бұқа тартыс, теңге алу, қошқар көтеру, қол күрес, арқан тартыс ойындары ойнатылды.
20 наурызда Ұлттық спорт күні атап өтіледі – бұл оқушылардың ежелгі спорттық дәстүрлерін еске алып, қайта жаңғыртатын уақыт. Ғасырлар бойы бұл ойындар халықтың күшін, ептілігін және рухын қалыптастырды.
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай: “Өмірге салауатты қадам” тақырыбында сыныптан тыс отбасылық жарыс өткізілді. Жарысқа УПИ полиция лейтенанты Қайсар Тойбазаров қатысты.
Жарысқа 5 сынып оқушысы Сұлтан Нұршат, 6 сынып оқушысы Нұрбосын Айсұлу, 7 сынып оқушысы Шкурина Дарья қатысты.
Жарыс бастамас бұрын әр команда таныстыруын айтты. Дене шынықтыру мұғалімі Тазабеков У.К. дене қыздыру жаттығуларын орындатты. Жеребе арқылы реттік номері бөлінді. Таяқ арқылы эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. 2-кезеңде баскетбол добы жерге соғу арқылы жүріп торға салу, 3-кезең арқан тартыс, жүгіріп жерге шеңберден өту, 4 кезең асықты шеңберден шығару, 5-кезең допты аяққа, қолға қысып жүру, 6-кезең кезеңтеп жүгіріп алқа тәрізді жүгіп кедергіден өту. Оқушылар мен ата-аналар белсенді қатысты. Нәтижесінде 1-орын 6 сынып окушысы Нұрбосын Айсұлу отбасымен, 2 орын Шкурина Дарья отбасымен, 3-орын 5 сынып оқушысы Сұлтан Нұршат марапатталды.
«Адамгершілік және жыныстық тиіспеушілік тақырыбында ұлдар мен қыздар жиналысы» өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға жыныстық денсаулық жайлы ақпараттар беру.
«Күзгі асар» жәрмеңкесі
Мақсаты: Күзгі өнімдер түрлерін таныстыра отырып, одан не жасалатынын айтып түсіндіру; Балалардың қызығушылығын арттыру; Тіл байлығын, ой өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру; Балаларды табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу;
“Күзгі асар” жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңке 1-4 сыныптар арасында ұйымдастырылды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында каникул кезіндегі уақытты тиімді пайдалану мақсатында білім алушылардың «Демалыста кітап оқимыз», «Кітап біздің досымыз» челлендж 5-7 сыныптар арасында онлайн кітап оқуы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету.
Кітап оқуға 5-7 сынып оқушылары қатысты. Олар демалыс күндері кітап оқыды.
«Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы 8-11 сынып аралығында Каблисанова Айгерім, «Балалардың көшедегі қауіпсіздігі» түсіндірме жұмыстар 1-11 сынып ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізді.
«Мектеп театры» фильм көрсету 7-11 сынып аралығында «Джуманджи» фильмі көрсетілді.
Қысқы каникул кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша 2024 жылдың 28 желтоқсан –2025 жылдың 8 қаңтар аралығында қысқы демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Мектеп бойынша қысқы мезгілде ауа райының алуан түрлілігіне байланысты педагогтер мен оқушылардың қауіпсіздігіне тоқталып, сынып жетекшілермен, оқушылармен, ата - аналармен жалпы жиналыстар түсіндірме жұмыстары жүрізілді. Сынып жетекшілер педагогтар: 12, Оқушылар саны: 130.
Бала қауіпсіздігі бойынша ата-аналар жиналысы өтті. 1-11-сыныптардың ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты. (барлығы 27 ата-ана).
Сонымен қатар әрбір педагог мектеп оқушыларына қысқа уақытта, каникул кезінде оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында әрбір оқушыны қауіпсіздік ережелерімен таныстыру жұмыстарын жүргізіліп әр сыныптан қолхаттар алынды. Қысқы демалыс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, пиротехниканы пайдалану кезіндегі қауіпсіздік,балалар мен ата-аналар арасында жарақаттанудың, жол-көлік оқиғаларының, өртке қарсы қауіпсіздіктің және т.б. алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жасау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп әлеуметтік желілерінде хабарламалар таратылды. Ата-аналарға жаднамалар таратылып, мектептің кіре берісі және холдарына қауіпсіздік шаралары туралы ескертулер ілінді.
«Ата-аналар мектебі» жобасы аясында «Отбасылық таланттар» тақырыбына ата-аналар жиналысын өткізілді. Құқықтық сауаттылық пен қауіпсіз жағдай жасау мақсатында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ңа жыл» фотожобасы өткізілді.
07.01.2024ж. «Театр тәрбие бастауы» тақырыбында қыстық демалыс кезінде мектеп оқушыларына «Ұстаз» фильмінің көрсетілімі өткізілді.
Каникулдық іс- шара жоспар бойынша «Құқық күнтізбесі» жобасы аясында кесте бойынша түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Қатысқан педагогтар саны: 2
18 наурызда «Көктемгі каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері» атты ата-аналар жиналысы өтті.
24 наурызда көктемгі демалыс жоспарына сай оқушылардың ұлттық салт-дәстүрді насихаттау барысындағы әжелермен сырласу мақсатында «Әжемнің әдемі әңгімесі» атты видео челлендж ұйымдастырылды.
20 наурызда нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу бойынша футбол, волейбол, баскетболдан жарыс өтті.
25 наурызда көктемгі демалыс жоспарына сай еңбекке баулу, отбасылық құндылыққа дәріптеу мақсатында «Еңбек-бәрін жеңбек» атты видеочеллендж ұйымдастырылды.
Жұмысшы мамандықтар жылына сай еңбекке баулу, жұмысшы мамандығын дәріптеу мақсатында «Еңбек-бәрін жеңбек» атты видеочеллендж ұйымдастырылды.
26 наурызда "Жас ұрпаққа кеңес - есірткімен күрес" челленджі өтті. Жастар арасында есірткіге қарсы күресті насихаттау, жастардың денсаулығын қорғау және есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған әлеуметтік акция ұйымдастырылды.
Челлендждің негізгі мақсаты – жастарды есірткі заттарының зиянды әсерлері туралы ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, жастардың арасында өзара қолдау мен ынтымақтастықты қалыптастыру.
28 наурызда каникулдық іс-шаралар жоспарына сай оқушылар «Шоқан.Қашғария сапары» мультфильмінің көрсетіліміне барды.
28 наурызда каникул жоспарына сай Жетісу білім басқармасы мен Көксу білім бөлімінің ұйымдастыруымен көктемгі демалыс кезіндегі жоспарға сәйкес оқушылар І.Жансүгіров атындағы музейі мен М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейіне барды.
Көксу ауданының білім бөлімінің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2024 жылдың қыркүйек айының 17 күні, қазан айының 24 күні, қараша айының 13,14,15 күні түнгі РЕЙД жұмыстары жоспарланып, уақытында жүргізілді.
Дебат қозғалысы шеңберінде өскелең ұрпақтың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында 7-10 сыныптар арасында пікірталастар ұйымдастырылды.
Білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша сынып сағаттарын Алдын алу шаралары: «Қоғамдық мүлікке азаматтық жауапкершілік!», «Қауіпсіз балалық шақ», «Қауіпсіз қоғам», «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс», «Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік» сынып сағаттары өткізілді сондай-ақ білім алушылар арасында құқықтық мәдениет және құқықтық сана мәселелерін түсіндіру бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді.
Оқушылар құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша «Сенім телефондарының», «Байланыс орталықтарының» жұмысы туралы дәліздерде оқу кабинеттерінде сенім жәшігі мен QR кодтар ілінді.
«Есірткіні пайдалану мен таратудың құқықтық салдары туралы» тақырыбына түсіндіру мақсатында 9-11 оқушыларына есірткі салдары бойынша видеороликтер көрсетілді.
Тұрмыстық зорлық зомбылық және жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу
«Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне жедел ден қою «Алгоритмі» бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары уақытылы өткізіліп тұрады. Халықаралық зорлық-зомбылықсыз күне орай «Менің отбасым – менің қорғаным» тақырыбында бақытты отбасы 5-10 сынып аралығында фотосурет байқауы өтті. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және жыныстық тиіспеушілікті анықтау, оның алдын алу және азайту» бойынша оқушылардан анонимно түрінде сауалнама алынды.
Нашақорлықтың алдын алу
Көксу ауданының білім бөлімінің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2024 жылдың қараша айының 13,14,15 күні түнгі РЕЙД жұмыстары жоспарланып, уақытында жүргізілді.
Мақсаты: келеңсіз оқиғалар мен құқық бұзушылықтың алдын-алу.
Түнгі сағат 21.00-00.00 аралығында әкімшілігі мен мұғалімдерімен бірлескен рейд жұмыстары кесте бойынша ұйымдастырылды. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жастар көп шоғырланатын жерлерді түңгі уақытта тексерілді. Түнгі рейд кезінде ауыл ішіндегі дүкендерде, көшелерде, мектеп ауласында, стадионда рейд жүргізілді. Рейдке шығу кезінде мектеп оқушылары тарапынан түнгі уақытта беймезгіл көшеде жүру, келеңсіз оқиғалар мен құқықбұзушылық орын алған жоқ. Оқушыларға және ата-аналарға үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.
«Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» нашақорлыққа байланысты сурет байқауы "Нашақорлыққа қарсы және алдын алу" бойынша "Шұбар доп" волейболдан мектепшілік жарыс өткізілді.
"Нашақорлыққа қарсы және алдын алу" бойынша ата-аналармен жиналыс өткізді.
«Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне жедел ден қою «Алгоритмі» бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Сыныптар ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. Оқушылар арасындағы бұзақылық, яғни буллинг жағдайлардың алдын ала отырып эмпатия қабілетінің дамуына байланысты жанжалды жағдайларда конструктивті мінез-құлық дағдыларын және топаралық қарым - қатынастарын дамыту.
Оқушыларға мектептің сенім жәшігі және байналыс номері «111» хабарласуға болатынын түсіндірілді. Оқушыларға оның 24/7 уақытында жұмыс істейтінін ескертілді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес сынып сағаттары уақытылы өткізіледі. Педагог-психолог Нұрғазықызы Ә. тарапынан буллингтің алдын алу мақсатында оқушыларға кеңестер және тренингтер өткізіледі. Педагог-ұйымдастырушы Г.Ж.Нұрғожанова буллингтің алдын алу мақсатында оқушыларды түрлі іс-шараларға тартады. ДТІЖО Г.К.Сулейменова және дене шынықтыру мен педагог-ұйымдастырушы оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында оқушылар үйірмелерге қатысады. Күнделікті қоңырау уақытында оқушылар көңілді қоңырауға қатысады.
«Буллинг, кибербуллинг, лудомания, зорлық—зомбылық фактілерін алдын алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп. Қауіпсіз орта» жобасы аясында семинар практикум өткізілді.
Мақсаты: білім беру мекемесінде қауіпсіз орта қальптастыра отырып, білім алушылардың жан-жақты дамуына жағдай туғызу.
Оқушыларға жалпы буллинг, кибербуллинг, лудомания, зорлық—зомбылық туралы түсініктер беріліп, топтық жұмыстар атқарылды.
Іс шара такырыбы: «Қауіпсіз мектеп - қауіпсіз орта»
Мақсаты: білім беру мекемесінде қауіпсіз орта қальптастыра отырып, білім алушылардың жан-жақты дамуына жағдай туғызу.
Оқушыларға буллинг, зорлық-зомбылық жағдарлары немесе оның әрекеттері туралы хабарлама құралдарды және ақпарат таратылды.
Мақсаты: Мектеп жасындағы оқушылардың буллингке ұшырауына жол бермеу, мейлінше психологиялық қолдау жұмыстарын жүргізу.
Инстаграм және фейсбук желісіне оқушыларға буллинг, зорлық-зомбылық жағдарлары немесе оның әрекеттері туралы хабарлама ақпараттар, жадынамалар салынып отырады.
5-8 сынып оқушылары арасында «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» атты тақырыпта сурет байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты нығайту, білім алушыларды белсенді өмірге тарту және олардың физикалық, психикалық әл-ауқатын жақсарту.
«Есірткіге қарсы ұран» тақырыбында 8-10 сынып оқушылары спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
"Нашақорлыққа қарсы және алдын алу" бойынша Шұбар доп волейболдан мектепшілік жарыс өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру, сымбаттылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
7-11 сынып оқушылары «Өмірге қолыңды соз» атты бейнеролик-челлендж байқауы өткізілді.
Нашақорлыққа және есірткімен күресті іске асыру мақсатында, есірткіге қарсы бейнероликтер байқауын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – халықтың назарын салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігіне аудару, бос уақытты тиымды пайдалану және оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқауға мектептің 7-11 сынып оқушылар қатысты.
Сайыста жеңіске жеткен жұмыстар мектептің инстаграм желісіне орналастырылады және есірткіге қарсы үгіт материалы ретінде пайдаланылады.
9-11 сынып оқушылары «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты бейнероликтер байқауы өткізілді.
Мақсаты 1. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартдың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру.
2. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу
3. Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қортындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау
14.02.25ж. "Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күніне" орай А.Абен оқушыларға өрт қауіпсіздігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
02.04.2025ж мектеп директоры Г.А.Жексембинова мопед, скутер айдау, салынып жатқан немесе қараусыз бұзылып, қоршаусыз тұрған ғимараттарға жоламау туралы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
“Жасыл мектеп” тақырыбында акциясы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға экологияның маңыздылығын түсіндіру. Экологиялық жауапкершілікті арттыру және табиғатқа қамқорлық жасауға үйрету. Оқушыларды табиғатты қорғауға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін дамыту. Қатысқан оқушылар саны 14.
«Мен зерттеушімін»тақырыбында бастауыш сынып оқушылары қоқыс қалдықтарынан бұйымдар жасап таныстырылып, ең мықты жасалған бұйымға марапаттар ұсынылды. Қатысқан оқушылар 44.
«Жасыл мектеп, оқу кабинеттерін тазалау акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды еңбекке баулу, талалықты сақтау.
Мектеп бойынша қатысқан 12 сынып комплекті қамтылды, 131 оқушы, 28 мұғалім қатысты.
Нашақордықтың алдын алу мақсатында “Болашағын өз қолыңда” апталық жоспарына сәйкес “Адамгершілік және жыныстық тиіспеушілік тақырыбында ұлдар және қыздар жиналысы өткізілді.
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай: “Өмірге салауатты қадам” тақырыбында сыныптан тыс отбасылық жарыс өткізілді. Жарысқа УПИ полиция лейтенанты Қайсар Тойбазаров қатысты.
«Нашақорлық ғасыр дерті» сынып сағаты өткізілді. Көксу ауданының полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция капитаны Елтаев Диас Даниярұлы алаяқтардан қорғану үшін ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. Жоспар бойынша:
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне, Ұлы Отан соғысының аяқталуына 80 жыл толуы мерекесіне орай 5 сынып оқушыларымен қазақ тілі әдебиетінің мұғалімі Ескожанова Г.Е. ұйымдастыруымен “ӘСКЕРДЕГІ САРБАЗҒА ХАТ” атты акция өткізілді.
«Ашық есік күні» форматында АӘД мұғалімі 10-11 сынып оқушыларын ескерткіштерге экскурсияға апарды. Соғыс ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған, әскери қызметкерлерді мен қарулы күштер ардагерлерінің қатысуымен "Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат" атты бірыңғай ерлік сабағын өткізді.
«Сарбаздар ән салғанда» және «Жас сарбаздар шеруі» іс-шаралар аясында ән айту және саптық байқауына қатысты. Шабыт жобасы аясында: 7 мамыр, 9 мамыр күндеріне орай «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі өткізілді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 10-11 сынып арасында әскери-патриоттық эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.
«Ұлы ерлікке мәңгілік тағзым: Туған өлкеден – Отанға» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
«Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді» сынып сағаты ұйымдастырылды.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне өлең оқу байқауы ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың мамыр айының 13-і күні «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты іс шарасының аясында Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторлары, Көксу аудандық ауруханасының маманы мен оқушылар арасында нашақорлық және нашақорлықтың адам өміріне зияндылығы туралы, сонымен қатар құқық бұзушылықтарға жол бермеу оның ішінде кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша жиналысы өткізілді.
Шабыт жобасы аясында: 7 мамыр, 9 мамыр күндеріне орай «Жас Сарбаз» әскери патриоттық әндер фестивалі өтті.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі, Қазақстан халқы достығы фестивалі ұйымдастырылды.
4) білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін сабақтан тыс қызметтің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру.
Білім алушылар сабақтан тыс шараларға, жобаларға, үйірмелерге қатысып, аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болды.
5) Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру жұмысы жүйелі жүргізілуде.
2024-2025 оқу жылы76-сыныпта 1 оқушыға Тұрсынбаки Жұлдызға үйден оқыту ұйымдастырылды. «Көксу ауданының №12 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» ММ-нің және ШЖҚ Көксу ауданының дәрігерлік консультациясының қорытындысы негізінде 26.09.2011 жылы туылған 7-сынып оқушысы Тұрсынбаки Жұлдызға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 08 қарашадағы №500 бұйрық 6-қосымшасы, 10 тарауы егізінде көмекші бағдарламамен үйден оқыту ұйымдастырылды.
6) ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстары іске асырылуда.
Білім алушылардың вариативті компоненттің факультативтері мен таңдау курстарынан тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі жұмыс оқу жоспарында белгіленген. Бағаланатын кезеңге мектептің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп құрылған жұмыс оқу жоспарларында, сабақ кестелерінде, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларда, сынып журналдарында вариативтік компоненттерді оқыту іске асырылған.
2023-2024 оқу жылында вариативті компонент сағаттары төмендегі кестеге салынды.
№ Сыныбы Таңдау сабағының атауы Мерзімі Уақыты Жауапты мұғалім
№ | Сыныптар | Таңдау сабағының атауы | Мерзімі | Уақыты | Жауапты мұғалім |
1 | 1-сынып | Шахмат негіздері | Сәрсенбі | 11.35-12.20 | Оспанова Г.Т. |
2 | 2-сынып | Логика әлемі | Сәрсенбі | 11.35-12.20 | Солтубекова А.Н. |
3 | 2-сынып | Қызықты математика | Бейсенбі | 11.35-12.20 | Солтубекова А.Н. |
4 | 3-сынып | Қызықты математика | Дүйсенбі | 11.35-12.20 | Азыбаева Ж.М. |
5 | 4-сынып | Қызықты математика | Дүйсенбі | 11.35-12.20 | Чуакбаева Г.А. |
6 | 5-сынып | Жаһандық құзыреттілік | Жұма | 16.55-17.40 | Сыпатаева Ш.С. |
7 | 6-сынып | Жаһандық құзыреттілік | Жұма | 16.55-17.40 | Сыпатаева Ш.С. |
8 | 7-сынып | Жаһандық құзыреттілік | Дүйсенбі | 13.15-14.00 | Сыпатаева Ш.С. |
9 | 8-сынып | Жаһандық құзыреттілік | Сейсенбі | 13.15-14.00 | Сыпатаева Ш.С. |
10 | 9 сынып | Жаһандық құзыреттілік | Жұма | 13.15-14.00 | Жунисов А.А. |
11 | 10 «А»-сынып | Жас мерген | Дүйсенбі | 13.15-14.00 | Нусипов Р.К. |
12 | 10 «А»-сынып | Биологиялық зерттеулер | Сейсенбі | 13.15-14.00 | Сулейменова Г.К. |
13 | 10 «А»-сынып | Жаһандық құзыреттілік | Бейсенбі | 13.15-14.00 | Сыпатаева Ш.С. |
14 | 10 «Ә»-сынып | Мерген | Сейсенбі | 12.25-13.10. | Нусипов Р.К. |
15 | 10 «Ә»-сынып | Жаһандық құзыреттілік | Сәрсенбі | 13.15-14.00 | Сыпатаеа Ш.С |
16 | 10 «Ә»-сынып | Күш бірлікте | Жұма | 13.15-14.00 | Нұрғазықызы Ә. |
17 | 11 сынып | Алғашқы функция | Дүйсенбі | 13.15-14.00 | Мырзакерім Е. |
18 | 11 сынып | Жаһандық құзыреттілік | Жұма | 12.25- 13.10 | Нұрғазықызы Ә. |
19 | 11 сынып | Биофизика | Жұма | 13.15-14.00 | Сыпатаева Ш.С. |
7) «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсының игерілуі.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқыту уақытында жүргізіледі. Оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда "Дүниетану" оқу пәнінің шеңберінде жылдық оқу жүктемесі 1-3-сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан, 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық, 10-11 сыныптарда «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен мектеп бойынша бағаланатын кезеңдегі күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды, сабақ кестелерді, электронды күнделікті тексеру барысында 1-9 сыныптар бойынша жекеленген сыныптарда бастауыш сынып, дене шынықтыру, мұғалімдері міндетті оқу курсын жүктемеге сай жүргізеді.Қорытынды: МЖМБС-ның 2-қосымшаның 25-тармағы,3-қосымшаның 50-тармағының 4-қосымшаның 50-тармағының талаптарына сәйкес.
8) "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұнын 1–4 сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағатжәне 5–8 сыныптарда әрбір сыныпта 10 сағаттан сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып, іске асырылады.
Күнделік kz электронды журналға 2022–2023, 2023–2024, 2024-2025 оқу жылдарында 1–8 сыныптарда тәрбие сағаттарына «Жолда жүру ережелері» тақырыптары кіріктірілген. Сыныптарда тәрбие сағаттары апта сайын сынып жетекші белгілеген күні тұрақты түрде өтеді.
Қорытынды: МЖМБС-ның 2-қосымшаның 26-тармағы, 3-қосымшаның 38-тармағы талаптарына сәйкес келеді.
9) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі сақталуы.
Мектебімізде педагог кадрлар арасындағы қызметтік міндеттер Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 7-бабы 1-ші тармағында белгіленген «Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары» аясында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі» бойынша кадр әлеуетін қамтамасыз етуге жұмыстарды бағыттайды. Оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес мектеп тиісті бейіні бар педагогикалық кадрлармен қамтылған.
Жыл сайын білім беру ұйымдарындағы лауазымдарды атқаратын педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес, біліктілік санатының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлері біліктілік санатын беру/растау рәсімінен өтті. 2020 жылдан бастап аттестаттау мерзімдері жақындаған педагог қызметкерлер ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыруға жіберілді.
Мектептің педагогикалық ұжымының сапалық және сандық құрамының анализі мектептің қажетті оқу-педагогикалық потенциалымен толық қамтылған. Мектепте ҚР мемлекеттік стандартымен қарастырылған барлық пәндер жүргізіледі. Педагогтердің жеке іс-құжаттары, еңбек кітапшалары талапқа сай келеді. Мұғалімдердің жеке істері, еңбек және санитарлық кітапшалары талаптарға сәйкес. Педагогикалық ұжымның сапалық және сандық құрамның талдауы мектепте қажетті оқу-педагогикалық потенциалдың барлығын көрсетеді, мектепте тұрақты ұжым құрылған.
КАДРЛЫҚ құрамға талдау
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Бесқайнар орта мектебі» КММ-де тиісті бейін бойынша жоғары білімі бар педагогтармен қамтылған. 2024-2025 оқу жылына мектеп келесі кадрлық құраммен қамтылып, барлық қызметкерлер саны – 24, оның ішінде әкімшілік-басқару қызметкерлер саны 2 адамды құрайды: басшының орынбасарлары (1 орынбасар) штат кестесіне сәйкес келеді және бұл қызметкерлердің жалпы санынан 8,3% құрайды. Әкімшілік басқару құрамының барлық мүшелерінің жоғары педагогикалық білімі бар.
Педагогикалық қызметкерлердің кадрлық құрамын талдау жөніндегі деректер әдістемелік ұсынымдарға 7-қосымшада ұсынылған.
Педагог қызметкерлердің жалпы саны-24, жоғары білімді -24.
2023-2024 оқу жылында мектепте барлығы – 23 педагог қызмет атқаруда. Соның ішінде 24(100%) жоғары білімді. Педагог-зерттеуші-0, педагог-сарапшы – 8 мұғалім (33,3%); педагог-модератор – 12 ( 50%), санаты жоқ – 4 мұғалім (16,7%). Педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың үлесі – 100%.
Бастауыш білім беру деңгейінде педагогтердің саны - 4. Оның ішінде педагог-сарапшы -3, педагог-модератор - 1. Педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог - сарапшылардың үлесі - 75%.
Негізгі және жалпы орта білім беру деңгейінде педагогтердің саны -20. Оның ішінде педагог-сарапшы -5, педагог-модератор - 11, Педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың үлесі – 25%.
Мектепте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі» №473 бұйрығының бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының шағын жинақты мектептер қызметі үшін кемінде 20% болу керек.
Негізгі және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін негізгі орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі шағын комплектілі мектептер үшін кемінде 25 %
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалауына арналған өлшемшарттардың жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі бойынша 25%, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі» №473 бұйрығының 1-пункті 2- тармағына, 3- пункті 16 -тармағына сәйкес.
Мектепте тиісті бейіні бойынша үш жыл ішінде кемінде 72 сағат көлемінде педагог кадрларының біліктілігін арттыру кемінде үш жылда бір рет қамтамасыз етіледі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына, Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес.
2024-2025 оқу жылында барлығы 20 педагог біліктілікті арттыру курстарымен қамтылды, бұл педагогтар 83% құрайды.
Педагогтердің біліктілігін арттыру жөніндегі туралы мәліметтер көрсетілген.
Оқу, Көркем және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (12-қосымша)
Мектеп кітапханасы оқулықтармен, көркем әдебиеттер, ғылыми әдебиеттермен электрондық оқулықтар, әдістемелік және дидактикалық материалдармен қамтылған.
2024-2025 оқу жылында мектептегі оқулықтар саны – 8993дана, оның ішінде –7585 оқулық, көркем әдебиет – 1308, электронды оқулық – 100.
Кітапхананың жалпы көлемі 59 ш.м, кітапхана 1 бөлмеден тұрады. Абонемент залымен оқу залы бірге орналасқан. Отыратын орындарының жалпы саны – 20.
Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пунктін жәнеқызметкелицензияныңболуытуралымәліметтер(10-қосымша):
Мектептің медициналық кабинеті қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Медициналық қызметпен айналысуға мектепке №22025115 нөмірлі лицензия Жетісу облысының денсаулық сақтау мекемесінің мектеп жаныныдағы шағын орталығы бар «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Бесқайнар орта мектебі» КММ-нің емханасы 21.12.2022 жылы берілген.
Санитариялық қағидалармен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (11-қосымша):
Мектепте буфеттік тамақтану ұйымдастырылған. Санитариялық қағидалармен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәлімет білім беру ұйымы басшысымен және мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары негізінде қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалған. Осы шарттың негізінде Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Бесқайнар орта мектебіндегі аз қамтылған отбасындағы оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.
10). Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлердің болуы, оқу зертханаларының, оқу пәндік кабинеттерінің және оқытудың техникалық құралдарының болуы туралы мәліметтер (9-қосымша)
Мектеп бейімделген, 120 орынға арналған. Мектеп 2023 жылы салынған. Жалпы мектептің көлемі 2497,04ш.м. Мектепте сыртқы және ішкі 29 бейнебақылау орнатылған. Интернет желісінің жылдамдығы 80мбит/с, 1 интернет қосылымы бар.
3. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім алушыларының оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар:
1) Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы.
Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар толығымен орындалды.
2023-2024 оқу жылында
1 сыныпта оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі – 19,5 сағат;
2 сыныпта оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі – 24 сағат;
3 сыныпта оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі – 26 сағат;
4 сыныпта оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі – 26 сағат;
5 сыныпта оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі – 28,5 сағат;
6 сыныпта оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі – 28,5 сағат;
7 сыныпта оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі – 31,5 сағат;
7 сыныпта үйден оқыту оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі – 10 сағат;
8 сыныпта оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі – 32,5 сағат;
9 сыныптарда оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі – 34 сағат;
10 «А» сыныпта оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі – 35 сағат;
10 «Ә» сыныпта оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі – 34 сағат;
11 сыныпта оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі – 35 сағат.
2) Білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы.
Мектептің 1-11 сыныптардың апталық және жылдық оқу жүктемелері үлгілік оқу жоспарында белгіленген сыныптар бойынша сәйкес, талаптар сақталған.
2024-2025 оқу жылында 1-4-сыныптарда оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 26 сағаттан, 5-9-сыныптарда қазақ сыныптарында 34 сағаттан, аспайды.
1-9-сыныптарда білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарына,стандартка сәйкес мектептің оқу жұмыс жоспарларында, сонымен қатар сабақ кестелерінде, сынып журналдарында белгіленген.
Білім алушылардың инвариантты және вариативтік компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді. Апталық оқу жүктемесі ҮОЖ-да (инвариантты және вариативті компоненттер) анықталған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтыды.
3) Сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау.
2024-2025 оқу жылдары мектептің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп құрылған оқу жұмыс жоспарларында, сабақ кестелерінде, сынып журналдарында топтарға бөлу қарастырылмаған
.
4.Білім алушылардың дайындық деңгейіне өлшемшарттар:
1) ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер).
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау.
2024-2025 оқу жылдары бойынша электронды журнал зерделенді, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау жүргізу барысында барлык талаптар сақталған, электронды журналда толық бағалары қойылған.
1-сынып оқушыларының оқу жетістіктері "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 373 бұйрығының 14 –тармағына сәйкес бағаланбайды.
Бағаланатын кезеңнің оқу жылдары бойынша барлық пәндер бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 2,3,4-қосымшаларына сәйкес білім алушылардың білімін бағалау өлшем шарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау қаралды. Бастауыш білім беру деңгейінде бағалау 2-сыныптан бастап формативті және жиынтық бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылды.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау нысанында жүзеге асырылды. Бағалау нақты бөлім/ортақ тақырып бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін қадағалау негізінде әрбір оқу пәні бойынша оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары жүйесіне сәйкес жүзеге асырылды. Білім алушылардың білімнің міндетті төменгі шекті көлемі мен олардың шеберлігі мен дағдылары қамтылған оқу пәндерінің базалық деңгейін меңгеруін анықтайтын жаңартылған бағдарламамен оқитын барлық сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалаулар және тоқсандық жиынтық бағалаулар жүргізілгендігін растайтын материалдар бар, жинақталған.
Тексеру кезінде бөлім, тоқсандық бойынша жиынтық бағалау алынып, тексеріліп, электронды журналға балдары қойылған. Бағалау критерийі мен бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрикаторлар мен ата-аналардың танысқандығы жөнінде қолдары қойылған. Мұғалімдердің БЖБ, ТЖБ өткізу жоспары құрылған.
2024-2025 оқу жылында 1-11 сыныптар критериалды бағалау жүйесі негізінде білім алды.
Тоқсандық және бөлім бойынша жиынтық бағалаудағы балдарды қою жиынтық бағалау жұмыстары жүргізілді.
Мектепте ағымдық бағалаудың, тоқсандық және жылдық бағалардың бар болуы «Білімкласс» электронды журналы арқылы зерделенді. 2024-2025 оқу жылдарында «Білімкласс» электронды журналына қойылған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 « Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (Білім және ғылым министрінің 21.10.2020 № 453) 3-тарау 12 тармағы «Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау формативтік және жиынтық бағалау нысандарында жүзеге асырылады», 13-тармағы «Формативтік бағалау білім алушылардың оқыту мақсатына жету мониторингін жүргізу және орындалған үй жұмысы мен педагогтің жазбаша түрдегі (дәптерге немесе күнделікке) немесе ауызша ұсынымдамаларының қорытындысын ескере отырып сараланған жұмыстарды одан әрі теңестіру үшін жүргізіледі.» делінген.
1-сынып оқушыларының оқу жетістіктері "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 373 бұйрығының 14 –тармағына сәйкес бағаланған жоқ.
3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау.
2024-2025 оқу жылдрында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар жоқ.
1) тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау.
Білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау материалдары зерделеніп, білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен салыстырылды. Мектепте мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі-төрт жылды, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі-бес жылды, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі-екі жылды құрайды.
2) Сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және күнтізбелік жылдағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау.
2024-2025 оқу жылында каникул кезеңдері оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы бұйрығы бойынша оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы; 1-11 – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2024 жылғы 28 қазан – 3 қараша аралығында), қысқы каникул – 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсан мен 2025 жылғы 8қаңтар аралығында), көктемгі каникул – 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурыз аралығында); 1-сыныптарда қосымша каникул – 7 күн (2025 жылғы 10-14 ақпан аралығында) деп көрсетілген.
Kundelik.kz электронды журналында каникул кезеңдері мерзімімен көрсетілген.
1. ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР
Мемлекеттік аттестаттау рәсімі шеңберінде «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Бесқайнар орта мектебі» КММ өзін-өзі бағалауы жүргізілді. Алдағы 5 жылға арналған мектептің миссиясы, мақсаттары мен даму стратегиясы ҚР Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының, ұлттық білім беру жүйесінің мақсаттары мен міндеттеріне, МЖМБС талаптарына, мектепті дамытудың 2023-2028 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес келеді. Мектеп қызметі білім алушылардың және барлық мүдделі тараптардың қанағаттанушылығына бағытталған, барлық құрылымдық бөлімшелерде үздіксіз инновациялық дамуға, талдауға, түзетуге және жақсартуға ықпал етеді. Мектеп өз қызметін сапа бойынша жұмыстың нақты жағдайын және оның нәтижелерін жүйелі түрде талдау арқылы жетілдіріп отырады. Осы талдаудың нәтижелеріне сүйене отырып, қызметті жақсарту бойынша одан әрі қадамдар белгіленіп, іске асырылады.
Мектептің өзін-өзі бағалау комиссиясы мемлекеттік аттестаттау шеңберінде бағалау критерийлері бойынша бағалаулар қосындысының орташа арифметикалық мәні ретінде бүтін санға дейін дөңгелектенеді және "___________" – ______ деп анықталады (бағаланады)
Бұл туралы мектептің барлық бағалау пунктері бойынша дәлелдемелер қоса беріледі.
Комиссия төрағасы – мектеп директоры Г.Жексембинова .
Сандық және сапалық құрамды, кадрларды іріктеу және орналастыру жүйесін талдау, мектептің табысты білім беру қызметі үшін тиісті кадрлық қамтамасыз етілуі бар екенін көрсетеді. Оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесі жұмыс істейді. Ұсынылған ғылыми-әдістемелік қызмет моделі педагогтар мен білім алушыларды белсенді ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандырады, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және дамыту үшін жағдай жасайды.
Мектептің құрамы мен мазмұны білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес келетін қазіргі заманғы ресурстары бар. Ақпараттық технологиялар мен кітапхана қорының жаңартылуына, қазіргі заман талабына сай QR – кодты кітаптарды көбейту, кеңейту және қолдау, білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін жағдай жасау үшін пайдаланылады.
Мектеп директоры Г.Жексембинова
Комиссия мүшелері
Г.Оналбекова
Н.Абдикаримова
Ж.Азыбаева
Г.Чуакбаева